Қытайда тағы бір мұсылмандардың құлшылық үйінің күмбезі мен мұнарасы жойылды
Қытайда тағы бір мұсылмандардың құлшылық үйінің күмбезі мен мұнарасы жойылды
1 жыл бұрын 933 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайда мұсылмандардың мәдени ерекшелігі мен бірегейлігін танытатын мешіттің сәні мен сәулетін жою науқаны жүріп жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бұл науқан әлі жалғасуда. Мұсылман мәдениетінің қолтаңбасындай болған, исламды еске түсіретін атаулар мен белгілерді ауыстыру немесе өзгерту науқаны Қытай мен Үндістанда біртіндеп сәулет өнеріне ауысқан болатын. Соның бір айғағы – таяуда Иуннан елді-мекеніндегі Шадиан тарихи мешіті қытайландыру саясатының құрбаны болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Foreign Policy  дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне  сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шадиан мешіті 1684 жылы тұрғызылған. Таяуда қажылықтан оралған хуей мұсылмандары мұсылмандардың аталған құлшылық үйінің жабылғанының үстінен түсті. Ол ол ма, күмбезі мен мұнарасынан айырылған. Хуей мұсылмандарының қажылықтағы кезін пайдаланған жергілікті биліктің бұл әрекетіне ашық наразылық білдіре алмай отыр.

Ұқсас материалдар:

«Қытай мешіттері Будда пұтханасына ұқсап барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-meshitteri-budda-puthanasyna-uqsap-barady-18894/#gsc.tab=0);

«Тағы бір мешіт «бірегейлендіру» саясатының құрбанына айналмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-meshit-biregeilendiru-sayasatynyn-qurbanyna-ainalmaq-17387/#gsc.tab=0);

«Мешітке ту ілуді міндеттейді» (https://islam.kz/kk/news/alem/meshitke-tu-iludi-mindetteidi-10235/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат