Түркия билігі түркі бірлігі үшін елеулі қадамға барды
Түркия билігі түркі бірлігі үшін елеулі қадамға барды
1 ай бұрын 656 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі қырым татарларына «түркі тегінен» тарайтындығы үшін ұзақ уақытқа тұруға рұқсат береді. Бұл артықшылықты ұйғырлар да, месхет түріктері де, болгар және грек түріктері да пайдалана алады. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркі халықтарының бірлігі мен бауырмалдығын арттыруға бағытталған бұл бастаманы Түркияның ішкі істер министрі Сүлеймен Сойыл көтерген болатын. Түркиия аумағында ұзақ уақыт тұруға рұқсат қырым татарларының барлығына бірдей берілмейді. Түркия аумағында ұзақ уақыт тұрғысы келетін түркі халықтарының өкілдері белгілі бір талаптарды орындағанда ғана Түркиялық көші-қон қызметіне «e-ikamet.goc.gov.tr» сайты арқылы өтініш бере алады. Қазіргі уақытта Түркиядағы шетелдіктердің 5 пайызы осындай рұқсатпен тұрып жатыр. Олардың 75 пайызы түркі халықтарынан тарайды.

0 пікір
Мұрағат