|
Түркия тұрғындарының 83%-ы ораза ұстап жүр
|
Биыл Түркия тұрғындарының 83,4%-ы ораза ұстап жүр. Ерлер арасында бұл көрсеткіш 80,6%-ды құраса, әйелдердің 86%-ы ауыз бекіткен. Бұл жайында Түркияның дін істері жөніндегі министрлігі хабарлады. Үкіметтің «Түркияның діни өмірін зерттеу – 2014» деп аталатын есебіне қарағанда, ел тұрғындарының 99,2%-ы мұсылмандардан тұрады. Солардың ішінде Ханафи мәзхабындағылар – 77,5%; шафиғи мәзхабындағылар 11,1%-ды құрайды. Түркия тұрғындарының 42,5%-ы бес уақыт намаз оқиды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды