Түркия жұмыс уақытын қысқартады
Түркия жұмыс уақытын қысқартады
2 ай бұрын 417 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: korneevamaha

Түркия билігі жұмыс аптасының ұзақтығын 48 сағаттан 35-40 сағатқа дейін қысқартуды көздейтін заңнамалық түзетуді еңбек кодексіне енгізуді қарастырады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sabah мерзімді басылымына жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің министрлер кабинеті сала бойынша ерекшеленетін еңбек заңдарын біріктіруді және жұмыспен қамту секторы үшін кешенді және бірыңғай нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жоспарлап отыр. 1936 жылғы еңбек заңында қарастырылған жұмыс нормасы: күніне 8 сағат және аптасына 48 сағат. 2003 жылы еңбек заңы қайта қаралды, жұмыс аптасы 45 сағатты құрады. Дегенмен, секторлар үшін жекелеген ережелердің қолданылуына байланысты бұл стандарттар жалпыға бірдей қолданылмаған еді. Мәселен, Бұқаралық ақпарат құралдарында және теңіз еңбек заңнамасында 48 сағаттық жұмыс аптасы өзгеріссіз қалса, ал басқа салаларда 45 сағаттық апталық норма қолданылады. Бұл ретте қызметкер жылына 270 сағатқа дейін үстеме жұмысқа тартылуы мүмкін. Үкімет барлық кәсіби топтар үшін ережелерді бір жүйеге келтіріп, аптасына 35-40 жұмыс сағатын норма және үстеме жұмыстың жаңа нормалары ретінде енгізуді көздеп отыр. Бұл өзгерістер технологиялық дамудың осы күнгі беталысы ескерілее отырып әзірленбек, технологиялық жетістіктерді пайдаланып, еңбек тиімділігін арттыру өз кезегінде жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің құқықтарына, сыйақылардың мөлшерлеріне, үстеме жұмыс коэффициенттеріне, әлеуметтік кепілдіктерге қатысты кейбір заңнамалық нормаларды қайта қарау жоспарлануда. Бұл ретте қызметкерлердің мүддесі ең алдымен ескерілетін болады.

0 пікір
Мұрағат