Teledyne FLIR термобейнелеу құралы атылған жай оқтарды 2200 метрге дейін көруге мүмкіндік береді (видео)
Teledyne FLIR термобейнелеу құралы атылған жай оқтарды 2200 метрге дейін көруге мүмкіндік береді (видео)
2 ай бұрын 381 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Teledyne Flir (Америка құрама штаттары) Лас-Вегас қаласында жыл сайын өтетін SHOT көрмесінде ThermoSight HISS-HD термобейнелеуші ​​снайперлік қаруды жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Аиалған қарудың ерекшелігі мен артықшылығы сонда - атылған оқтарды тәуліктің кез келген уақытына қарамастан 2200 метр қашықтыққа дейін ұшу кезінде көрінетін етеді. ThermoSight HISS-HD-мен жабдықталған мылтықпен қаруланған снайпер күндізгі жарықта да атуды реттей алады - крио-салқындатылған кескін сенсорының, сондай-ақ, мергенге оқтың термиялық сипатын көруге мүмкіндік беретін жетілдірілген процессорлардың арқасында қару пайдаланушы оқтың ұшқанын қадағалай алады. Мұндай нысананы көздеу құрылғысы бұрын да жасалған, алайда, олардың бірде-біреуі осынша қашықтықта оқтың ұшқанын қадағалауға мүмкіндік бермейді. Салмағы 2,1 келі тартатын ThermoSight HISS-HD-ді Пикатини планкісімен жабдықталған кез келген мылтыққа орнатуға болады. Өзге оптикалық жүйелермен де жұмыс істей беруі мүмкін. Мұндай тенологиялық қару мергендерге, барлаушыларға арналған. Қашықтан басқарылатын жүйенің көмегімен жауды алыстан қадағалауға әрі жау әрекетін таспаға тартып алуға мүмкіндік береді

0 пікір
Мұрағат