Тағы бір жаһандық проблема пайда болды
|
![Тағы бір жаһандық проблема пайда болды](https://static.islam.kz/uploads/images/t9P/XH8/WMVx6EegLdYZvKsc-lg.jpg)
Единбург университеті мен Британдық экология және гидрология орталығының ғалымдары жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнген жаңа қауіпті анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Food мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар әлемнің көптеген аймақтарында ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын топырақ құрамында аталған элементтің жойылып бара жатқанын алға тартып отыр. Минералды тыңайтқыштар мол кездесетін бұл химиялық элемент өсімдіктердің фотосинтез процесіне қажетті маңызды қоректік заттың - калий тапшылығын толтыруға арналған тыңайтқыштар өндірісі дүние жүзіндегі калий шикізатының 80 пайызын өндіретін Канада, Ресей Федерациясы, Беларус республикасы және Қытайда басым. Яғни, калий өндірісі бар-жоғы 12 елде ғана шоғырланған. Күллі әлем бойынша ауылшаруашылық топырағының шамамен 20 пайызында калий жетіспейді, атап айтқанда, кейбір аймақтарда, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азияда (44 пайыз), Латын Америкасында (39 пайыз), Сахараның оңтүстігіндегі Африкада (30 пайыз) және Шығыс Азияда (20 пайыз) калий тапшылығы орын алады.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)