Түркия халық саны бойынша әлемде 18-ші орыннан көрінді
Түркия халық саны бойынша әлемде 18-ші орыннан көрінді
1 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия әлемдегі 194 мемлекеттің арасында халық саны (86 млн-нан аса адам) жағынан 18-ші орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде TurkStat агенттігі келтірген дерекке жөн сілтеген mk-turkey ақпарат көзіне сілеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияның демографиялық құрылымы Еуропалық елдермен салыстырғанда әлдеқайда жас. TurkStat мәліметі бойынша (Біріккен Қлттар Ұйымының соңғы есебіне негізделген) өткен жылдың орта шенінде жер шары тұрғындарының қарасы 8,23 млрд адамға жеткен. 1,46 миллиард халқы бар Үндістан әлемдегі ең көп қоныстанған ел болып қала береді. Одан кейінгі орында Қытай тұр (1,42 миллиард), үшінші орыннан Құрама Штаттар көрінді (347,3 миллион) тұр. Осы үш мемлекетке жер шары халқының 39,2% -ы тиесілі. 86,09 миллион халқы бар Түркия әлемде 18-ші орында: бұл көрсеткіш әлем халқының шамамен 1% құрайды. Статистика жыл сайын 11 шілдеде атап өтілетін Бүкіләлемдік халық күні қарсаңында жарияланды. Бұл күн атаулы күн болып БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) 1987 жылдың шілде айының 11-де жер тұрғындарының саны 5 миллиард адамға жеткеннен кейін бекітілді. 2025 жылы балалар Түркия халқының 24,8% -ын құрады. Бұл көрсеткіш Еуропалық одаққа мүше 27 мемлекеттің барлығынан жоғары. Еуроодақ елдерінің ішінде балалардың ең көп үлесі Ирландияда тіркелген - 22,3%. Салыстырмалы түрде жас демографиялық құрылымға қарамастан Түркия халқы біртіндеп қартайып келеді. 65 және одан жоғары жастағы азаматтардың үлесі 11,1% -ға жетті, осылайша әлемдік орташа көрсеткіштен сәл жоғары (10,4%), алайда, Еуропалық одақтың барлық елдерінде тіркелген деңгейден төмен күйінде қалып отыр. Әлемдегі егде адамдардың ең көп үлесі Монакода тіркелген, онда 65 жастан асқан тұрғындар халықтың 36% -ын құрайды. Түркияда орташа өмір сүру ұзақтығы да әлемдік деңгейден асып түседі. TurkStat сілтеме жасаған БҰҰ есебі бойынша түрік елінде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы -  75,5 жасты, ал әйелдер үшін 80,7 жасты құрайды.

0 пікір
Мұрағат