Малайзияның халал экспорты өткен жылы 10 пайызға артқан
Малайзияның халал экспорты өткен жылы 10 пайызға артқан
2 сағат бұрын 61 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы жаһандық халал индустриясының, логистикасының, инфрақұрылымының, жеткізу тізбегінің басында тұрған Малайзияның шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдер экспорты 10,9 пайызға өскен. Бұл жайында islam.kz порталы Antara News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталмыш мұсылман мемлекетінің 2025 жылғы халал экспорты нақта ақшаға шаққанда 68,52 млрд рингитке (малайлардың ұлттық валютасы) жеткен. Геосаяси ахуал ушығып тұрғынына, соған байланысты жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға қарамастан малайлық халал өнімдерге жылдан жылға сұраныс артып келеді. Малайзия ұзақ жылдар бойы жаһандық ислам экономикалық индексінде көш бастап,  50-ден астам ел мойындаған сертификаттау жүйесі бар бірден-бір жалғыз ел. Халал сертификатын беріп келе жатқанына да жарты ғасырдан аса уақыт өткен - табаны күректей 51 жыл толыпты. Әлемде бірде-бір мұсылман елі немесе мұсылман емес елдер мұндай жетістікке жетпеген. 

0 пікір
Мұрағат