Араб елі алғаш рет жануар ағзасын адамға транспланттауды мақұлдауы мүмкін
Араб елі алғаш рет жануар ағзасын адамға транспланттауды мақұлдауы мүмкін
2 сағат бұрын 61 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі науқас адамға жануар ағзаларын, сондай-ақ, биоинженерлік органдар мен тіндерді транспланттау үшін құқықтық негіз жасауы тиіс заң жобасын қоғам талқысына ұсынды. Талқылау шілде айының соңына дейін жалғасады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бастаманың міндеті - ксенотрансплантацияны қоса алғанда болашағы зор медициналық технологияларды қолдану үшін нормативтік базаны дайындау - адамға жануарлардың генетикалық түрлендірілген ағзаларын ауыстырып салу, сондай-ақ, биоинженерия, діңгекті жасушалар мен үш өлшемді биоқаптау технологияларының көмегімен жасалған тіндер мен ағзаларды пайдалануға саяды. Осы орайда БАӘ-нің қолданыстағы заңнамасы негізінен донорлық және адам ағзалары мен тіндерін транспланттау мәселелерін реттейді. Жаңа құжат пациенттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілеп, этикалық стандарттар мен клиникалық тәжірибеде жаңа технологияларды қолдану тәртібін анықтауы тиіс. Қоғамдық талқылауда ел тұрғындары жаңа заңнаманың қажеттілігіне баға бере алады, осындай операциялардың әлеуетті артықшылықтары мен қатерін сараптай алады, мемлекеттік бақылау тетіктері туралы ұсыныстарын айтады, сондай-ақ, жануар ағзалары мен жасанды жолмен өсірілген тіндерді пайдаланудың этикалық аспектілері туралы пікірінн білдіре алады. Талқыға үн қосқысы келетін медициналық қоғамдастық, ғылыми ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, жеке сектор өкілдері және еліміздің барлық мүдделі тұрғындары үшін ашық. Заң жобасын әзірлеу кезінде БАӘ-нің адам ағзалары мен тіндерін донорлық және транспланттау туралы федералдық заңының, сондай-ақ, тиісті заңға тәуелді актілердің ережелері ескеріледі. Билік мұндай қадамға баруын донорлық органдардың жаһандық жетіспеушілігімен байланысты екенін атап өтті. Бүкіл әлемде мыңдаған пациенттер өмірлік маңызы бар ағзаларға зәру, сондықтан ғалымдар ксенотрансплантация мен зертханалық жағдайларда ағзаларды өсіруді қоса алғанда емдеудің баламалы әдістерін белсенді зерттеуде. Сонымен қатар, теріні, шеміршек тіндерін, қан тамырларын, ал келешекте - бүйрек, бауыр және жүрек сияқты неғұрлым күрделі ағзаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін регенеративті медицина, тіндік инженерия және үш өлшемді биобаспа технологияларын дамытылатын болады. Осындай технологияларды қолдану туралы кез келген болашақ шешімдер халықаралық ғылыми, медициналық және этикалық стандарттар сақталған жағдайда ғана қабылданатын болады.

0 пікір
Мұрағат