Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді
35 минут бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанда халал стандарттарына сәйкестікті растайтын ұлттық белгіні алудың және пайдаланудың бірыңғай тәртібі бекітіледі. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ережені аталған елдің экономика және коммерция министрлігіне қарасты халал-индустрияны дамыту орталығы дайындады. Аталмыш құжат қабылданған жағдайда өнімге белгі салудың, оны қызмет көрсету кезінде пайдаланудың және жарнамаға орналастырудың бірыңғай ережелері қолданылады. Халал стандартына сәйкес келетінін білдіретін ұлттық белгі сертификаттаудан өткен компанияларға ғана беріледі. Белгіленген процедураладан өтпей жатып қандай да бір өнімге «мұсылман», «халал», «halal» таңбаларын және араб тіліндегі жазуларды қолдануға қатаң тыйым салынады. Ережені елемегендерге тиісті шаралар қолданылады. Сертификатты халал индустриясын дамыту орталығында тегін ресімдеуге болады. Ұлттық белгінің жанында сатып алушыға тауардың немесе қызметтің сертификаттаудан өткені туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін QR-кодты орналастыру ұсынылады. Халал ұлттық белгісінің дизайны шетелдік халал-сертификаттау белгілерінен оңай ажырату үшін дәстүрлі қырғыз декор элементтерін пайдалана отырып жасалған. Қолданыстағы заңнама экспортталатын өнім үшін ұлттық белгіні бекітуді көздейді, алайда, оны пайдалану және сертификат беру тәртібін реттемейді. Бұл олқылықты жою үшін «Қырғыз республикасындағы халал-индустрия туралы» заңға енгізілетін өзгерістер әзірленуде.

0 пікір
Мұрағат