Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
33 минут бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзия мен Индонезия арасындағы екіжақты сауда-саттық биыл халал секторындағы ынтымақтастықтың өсуіне, сондай-ақ, екі ел арасындағы нарықтарға шағғу мүмкіндігінің кеңеюіне байланысты 10 пайызға өсіп, 29,3 миллиард долларға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы astroawani.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Малайзияның Индонезиядағы елшілігінің сенімді өкілі Фарзами Саркауи 2023 жылы қол қойылған Халал ынтымақтастық туралы меморандум (MoC) аясындағы әріптестік түрлі секторлардағы серіктестікті тереңдету үшін үлкен мүмкіндіктер туғызғанын атап өтті. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы екі мұсылман мемлекеті арасындағы инвестиция, білім беру, адам капиталы, т.б. салаларын қамтитын қатынас өз кезегінде халал сауда-саттыққа серпін беріп отыр. Екі ел бір-бірінің халал сертификатын өзара мойындағандықтан шариғат талаптарына сай алыс-беріс пен барыс-келіс жылдан жылға өркендеп келеді. Әсіресе, бизнесте. Өткен жылы екі ел арасындағы халал сауда айналымы 26,61 млрд долларға жеткен екен. 2025 жылға дейінгі кезеңде халал тағамдары мен сусындар сегментіндегі сауда-саттық деңгейі жоғары болып келді: Малайзиядан Индонезияға өңделген өнімдер экспорты жылдық көрсеткіште 18,5 пайызға өсіп, 640 миллион долларды құрады. Соның ішінде какао ұнтағы, сүтсіз кілегей, шоколад өнімдері, сондай-ақ, хош иісті қоспалар сауданың жандануына ықпал етті. Бұдан басқа, Малайзиядан Индонезиядан қайта өңделген тағам өнімдерінің импорты кокос сүті, какао-паста, жылдам дайындалатын кеспе сияқты өнімдердің арқасында 2025 жылы 10,8 пайызға артып, 840 миллион долларға жеткен. Малайзиядағы халал тағам, ингредиент түрлері, опа-далап және жеке тазалық құралдары өнеркәсібіне қажетті палма майы өнімдерінің экспорты 2,34 млрд долларға және палма майы негізіндегі ауыл шаруашылығы экспорты 1,14 млрд долларға жеткен. Осы орайда ең ірі 8 мұсылман елінің (Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан, Туркие) арасындағы сауда-саттық айналымы жылына 160 млрд долларға жеткенін айта кетпекпіз. Ал бұл көрсеткіш 2030 жылға таман 500 млрд долларға жетуі мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат