Түлкілер ауылы (фото, видео)
|
![Түлкілер ауылы (фото, видео)](https://static.islam.kz/uploads/images/rPT/jyx/rKSexbjEclv9swSv-lg.jpg)
Дзао Кицунэ Мура — Жапонияның Мияги префектурасындағы Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде орналасқан өзгеше жер. Мұнда алты түрлі, жүзден аса түлкі мекендеген. Түлкілер жабайы болғанымен адамдардан үрікпейді. Өйткені, мұнда туристер жиі келеді. Туристер оларды тек тамашалап қана қоймай, сонымен бірге, жотасынан сипап, тіпті, өз қолдарымен қоректендіреді.
Мұнда бәріміз білетін қызыл түлкіден өзге күміс сұр түсті, арктикалық көк түсті, платиналық, арктикалық қара әрі аралас түсті түлкілерді кезіктіруге болады.
Түлкілерді арнайы орында «қамап» ұстап отыр екен», деп ойлап қалмаңыз. Олар тіршілік ететін аумақ айтарлықтай үлкен болғандықтан түлкілер емін-еркін қозғалады әрі мұнда олар қоректенетін азық жетерлік. Оның үстіне, олардың бойында аурудың бар-жоғын жылына бір тексеріп отырғанға да қолайлы. Осы уақытқа дейін олардың бойынан бірде-бір ауру түрі байқалған емес.
Бұл жерден түлкілерден басқа лақтар мен көжектерді және пониді (тапал жылқы) тамашалай аласыз.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)