Тәліптер шариғат шәлісінің түсін бірыңғай қара түске ауыстыруға пәрмен берді
Тәліптер шариғат шәлісінің түсін бірыңғай қара түске ауыстыруға пәрмен берді
2 жыл бұрын 1279 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) таяуда жоғарғы оқу орнында білім алатын студент қыз-келіншектерге түрлі түсті емес, бірыңғай қара түсті хижабпен келуге пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CBS News дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліп жасақшылары жуырда Кабул қаласындағы политехникалық университет кіреберісінде тұрып, түрлі түсті шариғат шәлісімен келгендерді кері қайтарған. Тәліптер өкілі қара хижабтың жоғары білім беру министрлігінің бұйрығына сәйкес жоғарғы оқу орны үшін ресми бекітілген униформасы екенін алға тартты.

Ұқсас материалдар: 

"Талибан билігі оранбаған әйелдің қамқоршысына да жаза тағайындайды" (https://islam.kz/kk/news/alem/taliban-biligi-oranbagan-aieldin-qamqorshysyna-da-jaza-tagaiyndaidy-16748/#gsc.tab=0);

«Тәліптер ауған әйелдерінің құқығын қорғау батығында маңызды қадам жасады» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-augan-aielderinin-quqygyn-qorgau-batygynda-manyzdy-qadam-jasady-16125/#gsc.tab=0);

«Тәліптер келіп еді, паранджаның бағасы шарықтап кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-kelip-edi-parandjanyn-bagasy-sharyqtap-ketti-15629/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат