Қоршаған ортаның ластануынан жылына он млн адам қаза табады
Қоршаған ортаның ластануынан жылына он млн адам қаза табады
2 жыл бұрын 1303 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын ауаның, топырақтың және судың ластануынан әлем бойына он млн адам опат болады. Олардың көбісі Африка құрлығынынан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Pure Earth ұйымының зерттеу деректеріне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына және The Lancet Planetary Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экологиялық ахуалдан ғаламдық экономикаға келген шығын мөлшері жылына 4,6 трн долларға жеткен. Қоршаған орта ластануынан ең көп зардап шегіп отырған он елдің қатарында мына мемлекеттер бар: Чад, Орталық Африка республикасы, Нигер, Сүлеймен аралдары, Сомали, Оңтүстік Африка республикасы, Солтүстік Корея, Лесото, Болгария және Буркина-Фасо.Қоршаған ортаның ластануынан көз жұмғандар қарасы жұқпалы індеттен жер жастанғандардың санына қарағанда әлдеқайда. Мысаалы, 2022 жылы короновирустан әлем бойынша 6,7 млн адам ажал құшқан. 2015-2019 жылдар аралығында экологиялық проблемаларға байланысты әлемдегі өлім-жітім көрсеткіші 7%-ға артып кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен демалады. Осылайша экологиялық ахуалдан фәниден бақиға аттанатындар әлемдегі әрбір алыншы өлім-жітімді құрап отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, өлім-жітімнің үштен екісі ұсақ бөлшектермен байланысты. Сонымен қатар, 1,4 миллионға жуық адам судың ластануынан, тағы 900 мың адам ағзада қорғасынның жиналуынан жастай қайтыс болған. Pure Earth және ЮНИСЕФ-тің 2020 жылға арналған есебі бойынша 800 миллионға жуық баланың (планетадағы әрбір үшінші баланың) қандағы қорғасын деңгейі жоғары. Бұған көліктің батареясын қоқысқа тастаудан бастап, қорғасынды өнімдер құрамында түрлі мақсатта (өнімнің түсін қанық ету, т.б.)қолданылуы себеп болып отыр. Таяуда тропикалық белдеуде орналасқан қалалық жерлердегі ауаның ластануынан 100 мыңнан астам адамның дүниеден ерте озатыны белгілі болған еді. Ғалымдар бұл тарапта 2005 жылдан 2018 жылға дейін NASA және Еуропалық ғарыш агенттігінің жерсеріктерінің бортындағы құралдарды пайдаланып, Африка, Азия және Таяу Шығыстағы 46 мегаполистің ауа сапасының деректерін талдаған болатын. Барлық қалаларда сарапшылар денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін ластаушы заттардың құрамының жыл сайын айтарлықтай артқанын анықтады. Мысалы, азот диоксиді 14 пайызға, ұсақ бөлшектер 8 пайызға, аммиак 12 пайызға, ұшпа органикалық қосылыстар 11 пайызға артқан.

Ұқсас материалдар:

«Адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады" (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzattyn-99-y-lastangan-auamen-tynys-alady-16643/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісіне байланысты төтенше ауа райынан болатын өлім-жітім екі есеге артады» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisine-bailanysty-totenshe-aua-raiynan-bolatyn-olim-jitim-eki-esege-artady-16516/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әр үшінші өлім-жітім жаһандық жылынумен байланысты» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-ar-ushinshi-olim-jitim-jahandyq-jylynumen-bailanysty-15309/#gsc.tab=0);

«Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-alemdegi-olim-jitimnin-15-y-tek-bir-sebepten-bolady-12878/#gsc.tab=0);

«Тропикалық белдеуде жылына 100 мыңдай адам ластанған ауадан өлген» (https://islam.kz/kk/news/alem/tropikalyq-beldeude-jylyna-100-myndai-adam-lastangan-auadan-olgen-16641/#gsc.tab=0);

«Нормадан тыс көміртек газының 4 тоннасы бір адамның ажалына себеп болып отыр – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/normadan-tys-komirtek-gazynyn-4-tonnasy-bir-adamnyn-ajalyna-sebep-bolyp-otyr-zertteu-15561/#gsc.tab=0); 

«Климат өзгерісіне байланысты төтенше ауа райынан болатын өлім-жітім екі есеге артады» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisine-bailanysty-totenshe-aua-raiynan-bolatyn-olim-jitim-eki-esege-artady-16516/#gsc.tab=0); 

«Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-tynys-alyp-otyrgan-aua-ushin-aqy-toleu-juiesine-koshui-mumkin-15633/#gsc.tab=0);

«Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/las-auadan-oilim-jitim-kobeiip-barady-15724/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

«Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0) 

«Ауадағы қатты бөлшектерден өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auadagy-qatty-bolshekterden-olim-jitim-korsetkishi-tomendep-keledi-16044/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат