Әлемде босқындар саны рекордтық деңгейге жетті
Әлемде босқындар саны рекордтық деңгейге жетті
2 жыл бұрын 963 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы әлемдегі босқындар қарасы 59,1 млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесінің мониторинг орталығы келтірген дерекке жөн сілтеген Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарда айтылғандай, босқындардың кей бөлігі түрлі себептермен, соның ішінде барған елдің қабылдамауы, түрлі талаптардың қойылуы, т.б. себептері бойынша бір емес, бірнеше рет қоныс аударуға мәжүр болған. Қарулы қақтығыс салдарынан босқын атанғандардың қарасы 2012 жылдан бері 50%-ға артып кеткен. Бұдан бөлек, климат босқындарының қарасы да жылдан жылға артып барады. Яғни, құрғақшылық пен тасқын-селден, т.б. бас сауғалағандар саны өсіп келеді. Бір ғана Украинада Ресейдің басқыншылық саясатынан, соғыстан шамамен 5 млн адам шекара асып, өзге елдерге босып кеткен. Десе де әлем бойынша босқындар саны жағынан африкалық елдер көш бастап тұр. Бұған Эфиопия мен Сомалидегі қарулы қақтығыс пен құрғақшылық себеп болған. Бұдан бөлек, билік режимінің ауысына байланысты ауған босқындарының қарасы артқан. Саяси тұрақсыздық жайлаған Таяу шығыс аймағында Либиядан босқандар саны көп. Ал Америкада антирейтингті 60 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқан Колумбия бастап тұр. 11 жыл бойы Сириядан 6,7 миллион адам кеткен. Конго 5,3 миллион, Колумбия 5,2 миллион, Ауғанстан мен Йеменнен 4,3 миллион адам кеткен. Бұған тек соғыстар ғана емес, кейбір аймақтардағы ашаршылық та себеп болып отыр: Мозамбик, Мьянма, Сомали және Оңтүстік Судан сияқты елдер азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты кеткен азаматтардың саны бойынша көш бастады.

0 пікір
Мұрағат