|
Тағы бір ел қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендетуі мүмкін
|
Оңтүстік Корея билігінің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту үшін қолға алынған қоғамдық талқылауы қылмыстық жауапкершілік жасын 14 жастан 13 жасқа дейін төмендету керек деген қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы The Shosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара қылмыстың алдын алу үшін қорғау шаралары жүйесін жетілдірумен қатар жүруі тиіс. Таңғы шық елінің гендерлік теңдік және отбасы министрлігі министрлер кабинетінің отырысында кәмелетке толмаған құқық бұзушылар үшін қылмыстық жауапкершілік жасына дейінгі жас өлшемдерін қоғамдық талқылау нәтижелерін ұсынды. Ювеналдық әділет жүйесінің кешенді реформаларын ілгерілете отырып, шартты түрде қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендету ұсынылды. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылар саны 2024 жылы 21 000 адамға жетті, бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 116% -ға көп. Полицияның тұтқындауы да 2020 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артқан, дәлірегі, зорлық-зомбылық деңгейі 2,8 есеге, зорлау және қуғындау - 1,98 есеге, ұрлық - 1,97 есеге артты. Алайда, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты істердің 48,8% -ында сот отырысы өткіілмеген және тиісті шаралар қолданылмаған. Қылмыстың көбі ұрлықпен (34,6%) және шабуылмен (13,9%) байланысты болғандықтан ұсақ бұзақылық ретінде тіркелген. Өткен жылы ірі зорлық-зомбылық қылмыстарының арасында бірде-бір кісі өлтіру фвктісі болған жоқ, ал тонау алты оқиғамен шектелді, бұл 2020 жылғы көрсеткіштің жартысынан кем. Осы орайда әлем елдеріндегі қылмыстық жауапкершілікк қай жастан бастап тартатыны туралы деректер келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз:
- · Үндістан: 7 жастан бастап (халқы кедей болған соң балалар қолымен жасалатын ұрлық белең алған).
- · Тайуан: 10 жас.
- · Сингапур: 10 жас.
- · Англия және Уэльс: 10 жас.
- · Судан: 10 жас.
- · Ливан: 13 жас.
- · Ирак: 13 жас.
- · Ирландия: 13 жас.
Бұл елдер қылмыстық жауапкершілікке неғұрлым төмен жастан бастап тартады. Әлемнің бірқатар елдерінде заңнама 12 жастан бастап да, одан да кіші жастан бастап да қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Мысалы, мұндай шек Голландияда, Шотландияда, Кенияда орнатылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсыныстарына сәйкес 12 жас қылмыстық жаза қолдану үшін қолайлы болып саналады. БҰҰ 12 жасқа дейін балалардың моралдық-психологиялық тұрғыдан және ақыл-ойы жетілмеген, деп есептейді. Бұл талап БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі 1989 жылғы конвенциясында жазылған.