|
Әлемде алғаш рет жер қойнауынан таза сутегі өндіріле бастады
|
Канада аумағында энергетика саласында төңкеріс жасайтын ерекше жоба іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемде алғаш рет сутегі зауытта емес, тікелей жер қойнауынан өндіріле бастады. Осылайша экологиялық отын өндiрiсi бiртiндеп химиялық синтездiң шығыны көп әдiсiнен дағдылы бұрғылау жағына ойысты. Канаданың Саскашеванда ұл инновациялық кен орнын игерумен MAX Power компаниясы айналысады. Сәтті зертханалық зерттеулер мен компьютерлік моделдеу нәтижелеріне сүйене отырып, білікті мамандардан жасақталған топ Lawson кешенінің көмегімен бұрғылау жұмыстарын бастады. Қазір онда Savanna Rig #416 мұнарасы орнатылған, ол 14 шаршы шақырым астам алаңда геологиялық тұзақ үстінде жұмыс жүргізуде. 3D-сейсмикалық сканерлеу дәл осы жерде жер қойнауындағы газ қорларын ұстап тұруға қабілетті ірі құрылым бар екенін растады. Орталық-Бьютт аймағында бұрын жүргізілген сынамалар 28,6% дейін сутегінің ерекше жоғары құрамын анықтады. Бұдан басқа, өндіру барысында қосымша құнды ресурс ретінде ұңғымадан гелий алынады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті - жобаның экономикалық тиімділігін растауға саяды. Мысалы, датчиктер қысым параметрлерін, газ құрамының тұрақтылығын және оның шығу жылдамдығын өлшейтін болады. Табиғи геологиялық процестердің арқасында жер қойнауында пайда болатын «ақ» (табиғи) сутегі «жасыл» энергия нарығын толығымен өзгерте алады. Егер бұл тараптағы сынақтар сәтті өтсе, қымбат және энергияны қажет ететін электролиздің орнына адамзат жер қыртысынан экологиялық жағынан мейлінше қауіпсіз жолмен тікелей сутегі өндіруге көшетін болады.