|
Halyk Finance қосымшасында шариғат талаптарына сай қаржы құралдары қолжетімді болды
|
Halyk Finance мобильді қосымшасында шариғат қағидаттарына сәйкес келетін қаржы құралдарына инвестиция жасауға арналған жаңа бөлім іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Компанияның хабарлауынша, енді шариғат талаптарына сай бағалы қағаздар мобильді қосымшада жеке бөлімде ұсынылып, арнайы белгімен таңбаланады.’
Бұл инвесторларға қажетті қаржы құралдарын оңай тауып, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес инвестициялық портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарының шариғат талаптарына сәйкестігі халықаралық AAOIFI стандарттары негізінде тексеріледі.
Скринингті Halyk Finance серіктесі – Ailat финтех-компаниясы жүргізеді. Halyk Finance-тің сату жөніндегі басқарушы директоры Жанна Нұралина бұл шешім исламдық инвестицияларға қызығушылық танытатын клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
Оның сөзінше, эмитенттер мен қаржы құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес көпдеңгейлі тексеруден өтеді. Қазіргі уақытта Halyk Finance клиенттеріне шариғат талаптарына толық сәйкес келетін және арнайы тексеруден өткен 1 мыңнан астам қаржы құралы қолжетімді.
Сарапшылардың айтуынша, исламдық қаржыландыру әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан қаржы нарықтарының бірі саналады. London Stock Exchange Group болжамы бойынша, 2027 жылға қарай жаһандық исламдық қаржы нарығының көлемі 6,7 трлн АҚШ долларына жетуі мүмкін.
Исламдық қаржы құралдарына инвестициялауды бастау үшін Halyk Finance мобильді қосымшасындағы "Нарық" бөліміне кіріп, тиісті санатты таңдау жеткілікті.
"Halyk Finance" АҚ – қаржылық консалтинг, андеррайтинг, корпоративтік қаржыландыру, брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздар саудасы, KASE және AIX сауда алаңдарында маркет-мейкерлік қызмет көрсету, инвестициялық портфельді басқару, сондай-ақ тұрақты аналитикалық сүйемелдеу қызметтерін қамтитын инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін ұсынатын Қазақстанның жетекші инвестициялық компаниясы.
Компания Қазақстандағы халықаралық инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингке ("Fitch Ratings" халықаралық рейтингтік агенттігінің "BBB-" рейтингі) ие болған алғашқы әрі әзірге жалғыз брокер-дилер.
"Halyk Finance" АҚ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы. Компания бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған №3.2.229/7 лицензияны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен алған. Лицензия 2016 жылғы 4 қарашада қайта рәсімделген.
Байланыс мәліметтері: Алматы қаласы: Абай даңғылы, 109 "В", 5-қабат. Тел.: +7 701 006 41 81.
Астана қаласы: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/16, С 3.1 блогы, 3-қабат, 335-кеңсе. Тел.: +7 701 006 41 80.