Бір елдің қарызын өзге ел «төлеп» берді
Бір елдің қарызын өзге ел «төлеп» берді
2 жыл бұрын 3753 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран ислам республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанымен таяуда дауыс беру құқығынан айырылған болатын. Жарнасын төлемегені үшін. Алайда, шиғалар елінің БҰҰ-ға берешек 18 млн доллар қарызын Оңтүстік Корея «өтеп» берді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, қаңтар айының 13-і күні Иран билігі Оңтүстік Кореяға өтініш білдірген - БҰҰ алдындағы қарызын АҚШ-тың 2015 жылы жариялаған санкциясы (Ираның ядролық бағдарламасына байланысты) күшіне енген сәттен бері оңтүстік кореялық банктерде бұғаттаулы жатқан ирандық активтер есебінен жабуға. Парсы елінің бұл өтініші орындалды. Бұрын БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло және Қытай бастаған Иранмен арақатынасы жақсы кейбір елдер АҚШ билігінен Иранға қатысты экономикалық шектеулерді алып тастауды талап еткен болатын. Өйткені, Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары бойынша келісімшарт талаптары осыны талап етеді. Бұдан бөлек, Иранның да атомды бейбіт мақсатта қолдануға қақысы барын алға тартты: Бушер, Пордо және Арак нысандарындағы ядролық ресурсты бейбіт мақсатта қолдануына тыйым салынбауы тиіс және осы елдегі байытылған уранды табиғи уранмен алмастыру арқылы да келісімге келу жолдарын қарастыруды ұсынды.

0 пікір
Мұрағат