Тағамның құнарлылығы мен құндылығы соңғы он жылда едәуір төмендеп кеткен
Тағамның құнарлылығы мен құндылығы соңғы он жылда едәуір төмендеп кеткен
Кеше 279 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Cоңғы жырты ғасыр айналасында көптеген азықтың тағамдық құндылығы төмендеп, құнарының жартысынан көбісі жоғалған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің кәсіби қалыптасы институтының диркторы, клиникалық фармакология және ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Евгения Шихтың мәлімдемесіне жөн сілтеген n-e-n.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осындай факторға байланысты дұрыс тамақтану ұғымының өзі шартты түсінікке айналған. Организмнің қажеттілігін өтеу үшін адам шектен тыс тағам тұтынуға көшкен. "Тағам өнімдеріндегі қоректік заттардың құрамы соңғы 50-70 жылда ХХ ғасырдың ортасымен салыстырғанда орташа алғанда 25-50 пайызға, ал кейбір мәліметтер бойынша 50 пайызға төмендеді. Бұл өндіріс кезеңдеріндегі ақауларға және өңдеу, тасымалдау және сақтау кезіндегі шығындарға, сондай-ақ, организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты орын алып отыр. Көптеген өнімдерде қажетті дәрумендер, минералды заттар мен микроэлементтер жеткілікті мөлшерде жоқ", - деп оның сөзін келтірді "Газета.ru". Организм негізгі макро- және микронутриенттерге тәуліктік қажеттілікті жабу үшін рационда 3200-3500 килокалория болуы тиіс. Алайда, мұндай калория міндетті түрде артық салмаққа және семіздікке әкеледі. 

0 пікір
Мұрағат