Сирияда бір айда 500 бейбіт тұрғын қаза тапты
Сирияда бір айда 500 бейбіт тұрғын қаза тапты
8 жыл бұрын 2436 24.kz

Сириядағы елді мекендерге жасалған әуе соққылары мен түрлі шабуылдардан бір ғана шілде айында 500 бейбіт тұрғын көз жұмды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның баяндамасында айтылады. Құжатта осынша адамның ажалы елде болған 40 шабуылдың кезінде тіркелгені көрсетілген. Бүгінде Сириядағы әскери әрекеттер Алеппо, Дейр-әз-Зор, Хасеке, Идлиб және Риф-Димаш аймақтарында жалғасып жатыр. Бас хатшының мәліметтері бойынша, шілде айында халықаралық ұйым 484 мың адамға гуманитарлық көмек жеткізген. Дегенмен ол жоспарланған жәрдемнің 40%-ын ғана құрайды. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ басшысы Сириядағы соғысты тезірек тоқтатуға шақырды. Айтуларынша, қақтығыс салдарынан миллиондаған бала көзін ашқалы бейбіт өмірді көрмеген. Кристоф Бульерак, UNICEF өкілі: - Бес жасқа дейінгі 3 жарым миллионнан астам бала соғыс пен жауыздықтан өзге ештеңе көрген жоқ. Көрші елге кетіп, бас сауғалап жүрген отбасылардың өзінде 300 мың бала туылған. Ал гуманитарлық көмекке 8 жарым мың адам мұқтаж.

 

0 пікір
Мұрағат