Си Шинпиннің ұйғыр мәселесіне тікелей қатысы бары анықталды
Си Шинпиннің ұйғыр мәселесіне тікелей қатысы бары анықталды
2 ай бұрын 2341 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан Қытай билігінің Шыңжандағы ұйғырлар қатысты құпия құжатынан Қытай халық республикасының басшысы Си Шинпиннің осы елдегі өзге де діні мен ділі бөлек этникалық азшылықты құрайтын мұсылман халықтар құқығының бұзылуына тікелей қатысы бары белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай көсемі Си Шинпиннің қауіпсіздік, демография және ұйғыр халқын «жазалау» туралы 3 сөзі қамтылған бұрын еш жерде жарияланбаған, ол ол ма, кейбір құжаттар мүлдем құпия ұсталған. Құжаттар Қытайды зерттеп жүрген  Адриана Зенц есімді неміс ғалымының қолына түскен (оның қалай немесе қандай жолмен түскені туралы ақпарат жоқ – ред.). Оның айтуынша, Қытай коммунистік партиясының ұйғырларға қарсы экстремизмді желеу етіп, кемсіту, тұқырту саясаты, дәлірегі, этникалық азшылықты құрайтын ұлттарды қытайландыру бағытындағы мысықтабан, жымысқы саясаты әшкере болып отыр. Бұрын ұйғыр мәселесі аймақтық деңгейде жүргізіліп жатқан саясат ретінде қабылданып келген еді, алайда, ұйғыр мәселесі Си Шинпиннің мәлімдемесінен кейін пайда болғаны белгілі болып отыр – 2014 жылы Қытай көсемі Шыңжын билігіне «діни экстремизм» туралы заңды әзірлеуді тапсырғаны және осының негізінде саяси тұрғыдан қайта тәрбиелеу лагерлерінің құрылғаны мәлім болды.  Бұдан бөлек, Си Шинпин жергілікті мемлекеттік қызметкерлерден ұйғыр балаларын мектеп-интернатқа орналастыруды талап еткен. ҚХР басшысы өзінің бұл пәрменін «Діндар адамдардың кейбіреулері зайырлы өмір салтына қатысты мәселелерге араласып, өз дегенін істеткісі келеді» деп ақтап алуға тырысықан. Ең сорақысы – Си Шинпин ұйғырлардың туу көрсеткішін азайтуға, контрацепцияны қолдануға (ұрпақ өрбітуіне, өсіп-өнуіне қарсы шара ретінде) пәрмен берген.

Әлемге әйгілі бренд құлдық жқмысқа жегілген мұсылмандардың еңбегін қанады деп айыпталды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат  көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі Zara фирмасы Францияның Борда қаласында сауда желісін ұлғайтуды көздеген болатын, алайда, бұл жоспары іске аспай қалды. Бір ғана себеп бойынша – тексеру кезінде аталмыш брендтің Шыңжандағы қайта тәрбиелеу лагеріндегі тұтқын мұсылмандардың құлдық еңбегін пайдаланған Inditex компаниясын пайдаланғаны әшкере болып отыр. Түсінікті болу үшін Inditex компаниясы Zara фирмасын шикізатпен қамтамасыз етеді.  Францияның аталған аймақтық комиссиясы адам құқығының бұзылуына жол берген режиммен экономикалық әріптестік орнатқан компаниямен серіктес долғаны үшін Zara фирмасына өңірде бизнесін ұлғайтуға рұқсат етпеді. Ал Inditex компаниясының өкілі мақта шикізатын Шыңжаннан алатынын жасырмаған.

Ұқсас материал: 

"Ұйғырларды ассимиляциялаудың ең құйтырқы әдісі қолданыла бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/uigyrlardy-assimilyatsiyalaudyn-en-quityrqy-adisi-qoldanyla-bastady-16107/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат