Мұсылмандарға қатысты жаңалықтар исламофобиялық мәлімдемелерге толы – зерттеу
Мұсылмандарға қатысты жаңалықтар исламофобиялық мәлімдемелерге толы – зерттеу
2 жыл бұрын 1189 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Исламофобияның шартарапта өршуіне бұқаралық ақпарат құралдары атсалысып жатыр. Одан қалса, саясаткерлер сайлаушыларының алдында ұпайын түгендеу үшін пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша мұсылмандарды қуғын-сүргінге ұшырату, зорлық-зомбылық көрсету, кемсіту, алалау арқылы алауыздық пен араздықтың отына май құйып, адам құқығының бұзылуына жол ашқан. Британияның мұсылмандар кеңесінің есебінде айтылғандай, 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қыркүйек айына дейінгі түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарық көрген 48 мыңнан аса мақала мен 5 мың жаңалықтар таспасына мониторинг жүргізілген, талдау жасалған. Бұл тараптағы статистикалық дерек бойынша мұсылмандар мен ислам туралы мақаланың 60 пайызы және теледидардан берілетін жаңалықтар легінің 47 пайызы тек бірақты қаралаудан тұратыны белгілі болып отыр. Соның ішінде The Spectator, Daily Mail Australia, Mail on Sunday, Christian Today және Jewish Chronicle мерзімді басылымындары мұсылмандарға жауыға қарайтыны әшкере болған. БАҚ-қа мониторинг жүргізу орталығының директоры Ризуан Хамит БАҚ өкілдеріне өздеріне жүктелген жауапкершіліктің үддесінен шығу үшін кәсіби тұрғыдан әрекет етуге, дәлірегі, ақпаратты обьективті беруге шақырды.

0 пікір
Мұрағат