Ген енгізілген наночип, тіпті, мидағы зақымдалған жерді қалпына келтіре алады (видео)
Ген енгізілген наночип, тіпті, мидағы зақымдалған жерді қалпына келтіре алады (видео)
2 жыл бұрын 1405 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индиана университетінің медицина мектебінің ғалымдары организмдегі жасушаларды қайта бағдарлауға қауқарлы құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы news.iu.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Организммен биологиялық жаттығы жоқ наночип кез келген зақымданған аймақты емдей алады – организмдегі тіндер мен ағзалардың қалпына келуіне көмектеседі. Бұл жаңалық ағза трансплантациясына деген зәрулікті жоюға көмектесіп, донор іздеу әуресінен құтқарады.  Егізінде бұл аса күрделі проесс, тіпті, қатерлі ісіктің пайда болу қатерін арттыратын процесс. Осыны ескерген ғалымдар адам организмі қажетті жасушаны өзі өндіретіндей жүйені ойлап тапты. Мұндай тәсіл «тіндердің нанотрансфекциясы» деп аталады. Бұл тарапта ғалымдар микроине жиынтығы бар кремнилік наночипті пайдаланды. Оның жоғары жағында белгілі бір гендер сақталатын орын бар. Электр заряды гендерді босатады, ал гендер өз кезегінде тірі тіннің қажетті тереңіне дейін еніп, жасушаны өзгертеді. Осыдан кейін жасушаның құрылымы өзгеретін процесс басталады. Иниана университетінің регенеративті медицина және инженерия орталығының директоры Сеннің айтуынша, мәселен, адамның қан тамыры зақымдалды делік, организм одан ары жұмысын жалғастыру әрі қан айдауы үшін зақымдалған қан тамырының көмек күте алмайды. Оның орнына тері тінін қан тамырына айналдыруға болады осы тәсіл арқылы. Негізінен бұл жаңалық инсульт салдарынан болатын мидағы зақымдалған жерді немесе сусамыр дертінен зақымдалатын жүйке жасушаларын қалпына келтіру үшін қолданылатын болады.

 

0 пікір
Мұрағат