Швейцария қандай жағдайда бейтараптықтан бас тартатынын мәлімдеді
Швейцария қандай жағдайда бейтараптықтан бас тартатынын мәлімдеді
20 күн бұрын 326 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцария президенті Виола Амхерд елге әскери шабуыл жасалған жағдайда бейтараптық позициядан бас тартатындарын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Швейцария өзінің қорғану құқығын жүзеге асыру үшін өзге елдерден көмек сұрайды әрі белгілі бір әскери одаққа кіру құқығын жүзеге асырады. Осылай деген швейцариялық көшбасшы мұндай қатерлі сәттің соқпайтынына сенім білдірді. Осы орайда әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделігіне қарамастан бейтараптық саясатын ұстанатын мемлекеттер некен-саяқ. Яғни, әлем қауымдастығы мойындаған тұрақты бейтарап мәртебесіне ие мемлекеттер қатарына Швейцария, Түркменстан, Австрия, Камбоджа жатады. Аталған елдер соғыс жағдайында қандай бір елге өз аумағын әскери операциялар үшін пайдалануға бермейді және соғысушы тараптар жағына шықпайды. Аталған мемлекеттер халықаралық қатынастың маңызды элементтері ретінде қарастырылады.

0 пікір
Мұрағат