|
Штутгартта ерекше үй сынақтан өтіп жатыр (ВИДЕО)
|
Немістің Штутгарт қаласының орталығында мамандар экологиялық технологиялар бойынша электр энергиясын өздігінше шығаратын үй салды, деп хабарлады epochtimes.ru.
Сәулетшілер айтқандай, үй электр энергиясын қажет мөлшерден екі есе көп өндіре алады. Электр энергиясын үй шатырында орналасқан фотоэлектрлік күн панелінен алады.
Панельдер электр энергиясының мол бөлетіндей қылып бекітілді. Электр энергиясының қалдығы электромобильдерді зарядтау және өзге де қажеттіліктер үшін пайдаланылады.
Үйдің іші реттелетін жылыту және электр жүйелерімен жабдықталған. Ол компьютерлік қосымша арқылы басқарылады. Ерекше және экологиялық таза үй оны сақтауда ақшаны үнемдеп қана қоймай, қалған электр энергиясы арқылы табысқа да қол жеткізе алады.
Пайдаланылмай артық қалған электр энергиясы жақын маңдағы мұражайды жылумен қамтып, бір бөлігі қалалық желіге жеткізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады