|
Кәсіпкер келіншек зейнеткерлерге тегін нан үлестіруде (видео)
|
Петропавлдық зейнеткерлерге нан тегін таратылатын болды. Игі істі кәсіпкер келіншек қолға алған. Ол өз наубайханасында пісірілген бөлкелердің бір бөлігін дүкеніне қойып, қарияларға үлестіріп береді. Бұл хабарламаға осы маңның тұтынушылары бастапқыда күмәнмен қараса, кейіннен бір-біріне айтатын болды. Сауда сөресіне таң сәріден келетін егде жастағы адамдар күніне 50 нанға дейін алып кетеді екен. Бірнеше апта бұрын басталған шара ай соңына дейін жалғасады. Мереке күндері мұнда ыстық тоқаштар да беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады