Шегірткені азық етуге ресми рұқсат берілді
Шегірткені азық етуге ресми рұқсат берілді
2 жыл бұрын 1676 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия шеріткеден әзірленген өнімдерді саудаға шығаруға ресми рұқсатын берді. Бұл жайында islam.kz порталы euro_pulse ақпарат өзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ендігі жерде таяу болашақта орын алу ықтималдылығы басым азық-түлік тапшылығының алдын алу үшін шара аясында аталмыш жәндіктен жасалған өнімдер кептірілген, ұсақталып, ұнтаққа айналдырылған немесе мұздатып қатырылған түрлерінде тұтынушыларға жол тартады. Шегіртке – ақуызға, дәруменге, тағы басқа да қоректік заттарға бай, табиғи өнім, деп хабарлап отыр Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері ұйымы. Протеиннің баламалы көзі ретінде пайдалану арқылы жаһандық жылынуға себеп болып отырған мал шаруашылығынан бөлінетін парникті газдың мөлшерін азайтуға болады.

Ұқсас материалдар: 

"Өзбекстанда жеуге арналған шегірткелер өсіріле бастады" (https://islam.kz/kk/news/alem/ozbekstanda-jeuge-arnalgan-shegirtkeler-osirile-bastady-15364/#gsc.tab=0);

"Болашақта жәндік адамзаттың негізгі қорегіне айналады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-jandik-adamzattyn-negizgi-qoregine-ainalady-15802/#gsc.tab=0);

"Еуропалық одақ жәндіктерді тағам ретінде тұтынуды мақұлдауға дайындалып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-odaq-jandikterdi-tagam-retinde-tutynudy-maquldauga-daiyndalyp-jatyr-13414/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат