|
Өлгендер мен жараланғандардың аты-жөнін жариялағандар жазаланады
|
Израил парламенті (кнессет) қаза тапқандар мен жарақаттанғандардың аты-жөнін әлеуметтік желіге жариялауға тыйым салу туралы заң жобасын алдын ала оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш заң депутаттар тарапынан түпкілікті мақұлданар болса, оқиға орын алғаннан кейін төрт сағат өтпей жатып бақилық болғандар мен жарақат алғандардың аты-жөнін әлемжеліге жариялаған жағдайда дүние салған адамның отбасына немесе жарақат алған адамға 7500 шекел (еврейлердің ұлттық валютасы) өтемақы төлеуге міндеттеледі. Мұндай шара қандай мақсатта қолға алынғаны туралы айтылмаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді