Шартарап: Ауа райын «болжайтын» қолшатыр бар
Шартарап: Ауа райын «болжайтын» қолшатыр бар
8 жыл бұрын 3782 inform.kz, rosvalt.ru, 24.kz, planet-today.ru

Күнделікті үйден шықпас бұрын көбімізді «бүгін жауын жауар ма екен» деген сұрақ мазалайды. Ал Жапониядағы компаниялардың бірі күн райын болжап беретін «ақылды» қолшатыр ойлап тауыпты. "Jonas" деп аталатын бұл инновациялық өнім арнайы бағдарлама арқылы смартфонға қосыла алады. Бұл қолшатырдың көмегімен тек ауа райы туралы біліп ғана қоймай, телефонды бөлмеде жатқан жерінен тауып ала аласыз. Тек қолшатырды сілкілесеңіз болды: смартфонның вибрациясы өздігінен іске қосылады. Қолшатыр батареялардың көмегімен жұмыс істейді.

Үш жастағы сәбиді пойыз доңғалағының астынан соңғы сәтте шығарып үлгерді (ВИДЕО)

Сочидің маңында автотуристердің лагерінен шыққан, ата-анасының қарауынсыз қалған үш жастағы бала пойыз астына түсуге сәл-ақ қалған. Қараусыз қалған бала жақындап келе жатқан пойыздың алдында рельстің үстінде тұрып қалған. РТЖ екі қызметкері Арсентий Хазарян мен Александр Семиглазов сәбиді ажалдан аман алып қалды. Олар бүлдіршінде дер  кезінде көрген. Біреуі балаға қарай жүгірсе, екіншісі пойыз машинисіне қол бұлғап белгі беріп,  шұғыл тоқтатуын сұраған. Тек соңғы минутта ғана бүлдіршінді пойыз доңғалағынан астынан алып шығудың сәті түсті.  

0 пікір
Мұрағат