Семіздік індетімен күрес: дұрыс тамақтану комитеті құрылды
Семіздік індетімен күрес: дұрыс тамақтану комитеті құрылды
6 жыл бұрын 4206 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда халық тағамының жалпы ұлттық жоспарын енгізу жөніндегі арнайы комитет құрылды. Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі Қытайдың денсаулық сақтау ұлттық комиссиясына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ұлттық тамақтану және денсаулық комитетіның құрамы 17 үкіметтік мекеме өкілдерінен жасақталды. Мұндағы мақсат ел тұрғындарының дұрыс тамақтануын дамытуға және үйлестіруге саяды. Құрылтайшылар жиыны ақпан айының 28-і күні Бейжің қаласында өткенін айта кету керек. Аталмыш комитет алдында ел тұрғындарының тамақтану мәдениетіне қатысты жаңа стандарттарды әзірлеу, ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, дұрыс тамақтануды насихаттау міндеті тұр. Тамақтанудың ұлттық жоспары (2017 — 2030) Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңесінің бас кеңсесі 2017 жылы шығарған болатын. Кейінгі кезде тек Қытайда емес, сонымен қатар, күллі әлемде кеңінен етек алып бара жатқан семіздік індетімен күресу мақсатында. 

0 пікір
Мұрағат