Ішімдік уытының денеден толық шығуы үшін қанша уақыт кететіні айтылды
Ішімдік уытының денеден толық шығуы үшін қанша уақыт кететіні айтылды
39 минут бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алкогол қанға тез өткенімен организмнен шығу уақыты ұзаққа созылады. Бұл жайында islam.kz порталы Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, әр адамның организімінің ерекшелігіне қарай бұл процесс әрқалай жүреді. Бұл тарапта ішілген ішімдіктің уыттылығы мен мөлшері ғана емес, адамның зат алмасы процесі, жасы, дене салмағы, денсаулық жағдайы да маңызды рөл ойнайды. Спиртті қолданғаннан кейін этанол асқазан мен ішек қабырғалары арқылы  организмге тез сіңеді де қанға өтеді. Содан кейін негізгі жұмысты бауыр өз мойнына алады. Ол алкоголді алдымен ацетальдегидке, содан кейін ацетатқа айналдырып өңдейді. Ыдыраудың соңғы өнімдері организмнен несеп, тер және тыныс алу арқылы шығарылады. Алайда, бауыр мүмкіндіктері шектеулі. Ол бір сағатта алкоголдің белгілі бір мөлшерін ғана өңдеуге қабілетті, сондықтан үлкен мөлшерде қолданған кезде этанол ұзақ уақыт қанда қалады. Алкоголдің организмде қалу ұзақтығы көптеген факторларға байланысты, алайда, оны анықтаудың шамамен алғандағы мерзімдері бар. Қандағы спирт алты сағаттан он екі сағатқа дейін, дем шығаратын ауада бір тәулікке дейін, сілекейде - шамамен сол мөлшерде, несепте - екі тәулікке дейін сақталуы мүмкін, ал шаш ішіндегі қолдану іздері үш ай бойы сақталуы мүмкін. Орташа алғанда дені сау ересек адамның организімі сағатына шамамен 10-15 миллилитр таза алкоголді өңдеуге немесе қорытуға қабілетті. Сондықтан бір бокал шараптан кейін де спиртті толық шығаруға бірнеше сағат қажет. Егер әлдеқайда көп ішсе, ішімдіктің іздері организмде бір тәуліктен артық сақталуы мүмкін. Осылайша, организмді алкоголден тазарту жылдамдығы әрқашан көптеген физиологиялық факторларға байланысты. Бұл процесті түрлі әдіспен, яғни, қолдан айтарлықтай жеделдету мүмкін емес.

0 пікір
Мұрағат