|
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
|
Wi-Fi желілері әдеттен тыс технологияның арқасында қабырғадан адамдардың орналасқан жерін анықтай алады. Бұл жайында islam.kz порталы Stiripesurse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Неміс ғалымдары үйреншікті Wi-Fi желілері жасырын бақылаудың жаңа буынды құралына айналуы мүмкін, деп мәлімдеді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында олар стандартты сымсыз сигналдар жасанды зерде алгоритмдерімен бірге адамдардың орналасқан орны мен қимыл-қозғалысын жоғары дәлдікпен тануға мүмкіндік беретінін көрсетті, тіпті, тәжіриге қатысқандардың үйінде қосулы тұрған құрылғылар болмаған күннің өзінде анықтай алған. KIT ақпараттық қауіпсіздік және сенімділік институтының профессоры Торстен Штруфенің айтуынша, радиосигналдардың таралу әсері мен мүмкіндігін талдау өз кезегінде қоршаған кеңістіктің өзіндік көрінісін қалыптастыруға және ондағы адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Ол түсіндіріп өткендей, жұмыс принципі камераға ұқсайды: тек жарық орнына ақпарат алу және өңдеу үшін радиотолқындар пайдаланылады. «Осылайша, сізде WiFi құрылғысы бар ма, жоқ па, маңызды емес», - деп атап өтті сарапшы. Ғалымдардың айтуынша, жасырыну үшін смартфонды өшіру жеткіліксіз. Ол ол ма, үйіңізде немесе ғимаратта сымсыз желіге қосылған басқа құрылғылар бар және олардаан шыққан сигналдар осындай тану жүйелерінің жұмыс істеуіне жеткілікті болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, мұндай технология теориялық тұрғыдан қарапайым Wi-Fi-роутерлерді айналасындағыларға көрінбейтін, жұмыс істеуге қабілетті жасырын бақылау құралдары ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Феликс Морсбахтың айтуынша, арнайы қызметтер мен қаскүнемдер адамдарды бақылаудың әлдеқайда озық әдістеріне ие, соның ішінде Wi-Fi көптеген пайдаланушылар үшін кең таралған және көрінбейтін болғандықтан әлдеқайда тиімді құрал ретінде алға шығады. Оның үстіне, Wi-Fi бүгінде барлық жерде қолданылатындықтан - тұрғын үйлерде, кеңселерде, кафелерде, әуежайларда және басқа да қоғамдық орындарда - осындай технологиялардың әлеуетті аймағы көптеген адамды қамтуы мүмкін. Wi-Fi құрылғылары роутерге сигналдың сапасы туралы қызметтік деректерді (BFI) тұрақты түрде береді. Бұл ақпарат әдетте шифрланбағандықтан, eң жақын орналасқан құрылғыларды ұстай алады. Зерттеушілердің айтуынша, радиосигналдар жасанды зерде жүйесі адамды тану үшін пайдалана алатын адамның өзіндік «цифрлық ізін» қалыптастырады.