|
Иран жыл басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасын кесіп, рекорд орнатты
|
Иран билігі 2026 жылдың басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасына кескен. Тек әлі аяқталмаған тамыз айының өзінде 28 өлім жазасы орындалған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Парсы еліндегі Әбдірақман Боруманда атындағы аадам құқығы жөніндегі орталық келтірген дерекке жөн сілтеген Africanews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыщ құқық қорғау ұйымы қаңтардан шілдеге дейін 901 жазаны тіркеген. Ұйым мәліметінше, ұлттық қауіпсіздікке, есірткі қылмыстарына және этникалық аз ұлттар өкілдеріне қатысты істерде өлім жазасын қолдану көрсеткіші күрт өскен. Жеті ай ішінде кем дегенде 56 адам, соның ішінде 29 адам қоғамдық наразылықтарға байланысты 13 тыңшы деп айыпталған және 14 адам басқа қауіпсіздік себептері бойынша сотталған. Есірткіге байланысты қылмыстар кемінде 268 қазаға себеп болды. Қаңтардан шілдеге дейін кемінде 98 этникалық азшылық өкілі, соның ішінде 40 белуж, 29 күрд, 21 ауған, алты араб, бір түрік және бір түркімен өлім жазасынан фәниден бақыиға аттанған. Баяндамада, сондай-ақ, жасы 18-ге толмаған 16 әйел мен екі адамның қазасы да құжатталған. Бес өлім жазасы жария түрле, яғни, көпшіліктің көз алдында өткізілді. Өлім жазалары бірнеше провинцияда орындалған, бұл ретте ең көбісі Разауи Хорасан - 95, одан кейін Исфахан - 71 және Алборз - 57 тіркеген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына арналған баяндамасында бас хатшы Антониу Гутерриш 2024 жылы Иранда кемінде 975 адам қазаға ұшырағанын, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 17% -ға көп екенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, есепте 2025 жылдың бірінші жартысында, яғни, қаңтар-маусым айларында 612 өлім жазасы тіркелген, бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119% артық. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары, соның ішінде Amnesty International Иран жан басына шаққанда әлемнің барлық елдері арасында өлім жазасын ең көп орындайтынын, дәлірегі, нақты мәлімет бермейтін Қытайдан ескермегенде басқа барлық елдермен салыстырғанда бірінші орынға шыққан мемлекет.