|
Cусамыр дертін иммуннитет белсенділігін тежемей-ақ емдейтін инновациялық әдіс пайда болды
|
Пенсилвания университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары донорлық жасушаларды иммундық жүйеге «көрінбейтін» ететін ультра жұқа, яғни, мейлінше жұқа материал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Biomedical Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде сусамырды емдеуде инсулин шығаратын, организмге енгізілген донорлық жасушаларға иммунитет жасушалары бөгде дене ретінде қабылдап, бірден шабуыл жасайды. Мұны болдырмау үшін пациенттерге иммундық жүйені басатын дәрі-дәрмекті үнемі қабылдауға тура келетін, ал бұл жайт өз кезегінже инфекциялар мен басқа да күрделі асқынулар қаупін арттырады. Америкалық ғалымдар қалыңдығы небәрі 20 микрометр болатын гидрогелден қорғаныш қабықшасын жасады - ол адам ұрығының табиғи қабықшасына ұқсайды. Мұндай жабын жасушаларды иммундық жүйеден жасырғанымен оларға инсулин бөлуге кедергі келтірмейді. Диабет дертіне шалдыққан тышқандарға жасалған тәжірибелерде «бүркемеленген» жасушалар бір аптадан кейін қандағы қант деңгейін қалпына келтірді. Кеміргіштердің көпшілігі иммунодепрессанттарды қабылдамай 100 күннен астам қалыпты көрсеткіштерін сақтаған. Салыстыру үшін алсақ, мұндай қорғанышы жоқ кәдімгі донорлық жасушалар шамамен бір аптадан кейін жұмысын тоқтатады. Десе де бұл тарапта адамдарға сынақтар әлі жүргізілген жоқ.