|
Үндістанда сиыр зәрін қолдан жасайтын алаяқтармен күрес күшейтілді
|
Үндістанда индус наным-сенім өкілдері үшін сиыр киелі жануар саналатындықтан оның зәрін емдік мақсатты қолданады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта оңтүстік шығыс Азия аймағындағы аталған елде сиыр зәрін қолдан жасайтын алаяқтармен күрес науқаны жанданып келеді. Бақылаудың жоқтығынан және құқықтық негіздің болмауынан бұл тауар жаппай қолдан жасалып жатыр. Сиыр зәрін үнді наным-сенімдегілер өздерінің діни жоралғыларында әрі халық медицинасында кеңінен қолданады. Тіпті, сиыр зәрі бұл елде экономиканың жеке секторын қалыптастыратындай тұтас индустрияға айналған – құтыға құюдан бастап, тұнбасын алуға (эликсир ретінде) дейін. Ол ол ма, сиыр зәрін шетелге экспорттайды. Алайда, бұл сала құқықтық тұрғыдан реттелмеген. Діни рәсім үшін пайдаланатындықтан азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау стандарты бойынша тексере алмайды. Бұған қоса, «ем-дом құралы» ретінде медициналық дәрі-дәрмек стандарты бойынша да қатаң қадағалауға алынбаған. Уттар-Прадеш штатында әшкере болған алаяқтық схема бұл индустрияны тексеруге себеп болды. Жосықсыз сатушылар фермерлерден таза сиыр зәрін сатып алып, оны өзінің немесе енекелердің несебімен араластырып, «таза» өнім ретінде сатқан. Бұл индустар үшін «қасиетті» өнімдерді «бұрмалаудың» алғашқы фактісі емес: бұрындары елде пальма майы мен соя майын араластырып, көпшілік қолдан жасаған. Кейбір дерек бойынша сиыр зәрінің нарығы ондаған миллиард долларға жетеді. Бұл ретте тәуелсіз зертханаларды тексеру өнімдерде ішек таяқшасы мен сальмонелланың жиі табылатынын көрсетеді - тұтынушының улану қаупі тым жоғары. Фальсификациямен (жалған өнім өндірумен) байланысты оқиғалар Үндістандағы жалпы азық-түлік сапасының дағдарысы кезінде орын алады, онда сүттен зәрі мен кір жуу ұнтағы табылған.