Қытай соты жасанды зердемен алмастыру мақсатында қызметкерлерді жұмыстан қууға тыйым салды
Қытай соты жасанды зердемен алмастыру мақсатында қызметкерлерді жұмыстан қууға тыйым салды
34 минут бұрын 22 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ханжоу соты технологиялық компания жасанды зерде көмегімен жұмысы автоматтандырылғаннан кейін қызметкерінің жұмыстан босатылуын заңсыз, деп тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат агенттігіне жөн сілтеген ixbt.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басында компания қызметкерді жұмыстан қумай, қызметін төмендеткен екен. Алайда, компания басшылығының бұл шешіміне көңілі толмай бас тартқан. Ақырында компания оны жұмыстан шығарған. Алайда, Ханжоу жоғарғы халық соты бұл даулы істі қарай келе автоматтандырудың жұмыс берушіге жұмыстан босату үшін жеткілікті негіз бермейді деген тоқтамға келген. Бұл ретте Қытайдың жаңа жалпыұлттық заңы немесе AI енгізілгеннен кейін қызметкерлерді қысқартуға тыйым салу турасында сөз болып отырған жоқ, нақты еңбек дауына қатысты іс қаралған. Осы сот үкіміне қарап, автоматтандыруға байланысты кез келген жұмыстан шығаруды енді заңсыз әрекет деп қабылдамаау керек. Бұл іс адам функцияларын бағдарламалық қамтамасыз етумен ауыстыру кезінде туындайтын мәселені тікелей қозғайды: еңбек қатынастарын бұзуға бұрынғы жұмыс міндеттерінің жоғалуы жеткілікті негіз бола ала ма? АІ-жүйесінде пайдаланылған қызметкердің лауазымы және өтемақы мөлшері туралы егжей-тегжейлі ақпарат жария түрде ашылмаған. Мұндай шешім Қытайда жасанды зерденің қарқында дамып жатқан кезде қабылданғанын ескеруіміз керек. Сонымен қатар, қызметкерлерді жұмыстан босата отырып, автоматтандыру процесінен экономикалық жетістікке қол жеткізуді көздейтін компанияларға заңды шектеу қойылғанын көруге болады. Технологияны қолдануға қатысты адам құқығының аспектілерін анықтайтын толыққанды жүйе қалыптасқанша барлық қоғам бетпе-бет келетін күрделі міндеттердің бірі болып қала бермек.

0 пікір
Мұрағат