|
Саяхатын сақтандырудан көш бастаған ел аталды
|
Сингапур саяхатшылары, сондай-ақ, орташа есеппен 2 818 долларды (ең жоғары көрсеткіш) саяхатқа жұмсайтын әлемдегі мәрт туристер қатарына кіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Insurance Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 10 сингапурлық саяхатшының 9-ға жуығы немесе 86% -ы саяхатты сақтандыру саласындағы Redion және Ipsos брендтерінің дерегіне сәйкес әлемдегі қамту деңгейі ең жоғары туристік сақтандырумен қорғалған. Сингапурде 2026 жылдың 27 ақпан мен 7 сәуір айлары аралығында өткізілген 1000 тұтынушының сауалнама нәтижесіне сәйкес олардың жартысынан астамы немесе 51% -ы болашақта туристік сақтандыруды ресімдеуді жоспарлап отыр. Сингапурлықтардың барлығы дерлік немесе 93% -ы шетелде жеке заттарын жоғалтудан, ал 92% -ы жол-көлік оқиғаларынан сақтандырған. Сақтандырылғандардың оннан тоғызы немесе 90% -ы өздерін денсаулыққа төнетін қауіптерден, 87% -ы зорлық-зомбылықтан және 83% -ы табиғи апаттардан сақтандырған. Сарапшылардың есебінше, сингапурлықтардың 47%-ға жуығы саяхатқа арналған сақтандыру өнімдерін салыстыру үшін болашақта AI көмегіне көбірек сүйенетін болады. Сингапурлықтардың жартысына жуығы немесе 45% -ы демалысты жоспарлау немесе брондау кезінде негізінен бағыттарды зерделеу, саяхат нұсқаларын салыстыру және баратын жерлерін жоспарлау үшін пайдаланған.