|
Адамзат саны орнына келмейтін деңгейге дейін төмендеді
|
Америкалық ғалымдар жаһандық туу көрсеткішінің тарихта алғаш рет ең төменгі деңгейге төмендегенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Terra Incognita: The Economics of a Shrinking World зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе, Оңтүстік Кореяда, Қытайда және Таиландта ең төменгі көрсеткіштер тіркелген, ал Жер тұрғындарының кему процесі 2056 жылдан кейін басталуы мүмкін. 2026 жылы бүкіл әлемде туу көрсеткіші алғаш рет халықтың өсімін қамтамасыз ететін қажетті деңгейден төмен түсті, деп хабарлайды Terra Incognita: The Economics of a Shrinking World зерттеуінде. Бұрын мұндай құлдырау ешқашан болған емес, тіпті, соғыстар мен індеттер кезінде де болған емес. Демографиялық мәліметтерді талдаған америкалық ғалымдар жаһандық туу көрсеткіші орта есеппен 2,2 баладан келетінін алға тартып отыр немесе бір әйелге шаққанда ең төменгі деңгейге түскен, деген қорытындыға келді. Мұндай құбылыс әлемнің барлық түкпірінен байқалып отыр - байдан кедейге дейін, Азиядан Америкаға дейін, діни және зайырлы қоғамдардан да байқалған. Егер бұл құбыылыс сақталса, Жер бетіндегі халық 2056 жылға қарай 9 миллиардқа жуықтап, сосын азая бастайды.