Саудия туристерге арналған жаңа визаны іске қосты
Саудия туристерге арналған жаңа визаны іске қосты
39 минут бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы туристік сапарға рұқсат беруді процедурасын айтарлықтай жеңілдететін Package Visa пилоттық виза жобасын іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Енді шетелдіктер авиабилет, қонақүйді брондау және қосымша қызметтерді қамтитын бірыңғай, кешенді пакет құрамында виза ала алады. Сауд ақпарат агенттігінің мәліметінше, бастама бірнеше тест нарығында бекітілген туроператорлар арқылы енгізілетін болады. Жаңа жүйе саяхатшыларды жеке рейстерді, тұрғын үйлерді іздеу және визалық сауалнамаларды толтыру машақатынан құтқарады. Бірыңғай пакетке екі жаққа ұшу, сертификатталған қонақүйде тұру және құжаттарды электрондық түрде беру шаралары да кіреді. Сондай-ақ, туристер саяхат кезінде қатысатын іс-шараларды және жергілікті көрікті жерлерге баруды бірден қоса алады. Мұндай қызметті ұсынуға сенімді цифрлық платформалары және тәулік бойы клиенттік қолдауы бар аккредиттелген компаниялар ғана құқылы. Package Visa жобасы туристерді көптеп тартуға бағытталған Vision 2030 даму стратегиясы шеңберіндегі кезекті қадам болды. Жобаны туризм, сыртқы және ішкі істер министрліктері, сондай-ақ, сақтандыру басқармасы бірлесіп әзірледі. Саудия  билігі меймандарға электронды визаларды, ел аумағына енуді рәсімдеу процедурасын және транзиттік рұқсатты ұсынып отыр. Саудия билігінің мұндай бағдарламалары 2025 жылы 29 млн-нан астам шетелдік туристерді қабылдауға көмектесті.

0 пікір
Мұрағат