Электронды ақша мұраға қалдырылатын дүние-мүлік тізіміне ресми енгізілді
Электронды ақша мұраға қалдырылатын дүние-мүлік тізіміне ресми енгізілді
41 минут бұрын 37 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан билігі мұраға қалдырылатын үй, мал, өзге де активтер қатарына электронды ақшаны да ресми енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы 24.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Цифрлы активтерді мұраға алу тәртібін реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерту бекітілген құжатқа мемлекет басшысы Садыр Жапаров қол қойды. Жаңа нормаларға сәйкес иесі қайтыс болғаннан кейін электронды әмияндарда және басқа да электрондық құрылғыларда сақталатын қаражатты алу құқығы мұрагерлерге беріледі. Активтерді қорғау үшін электрондық ақша эмитенті шығыс операцияларын нотариустың талабын, уәкілетті мемлекеттік органның өтінішін немесе мұрагерлердің талабын алғаннан кейін бірден бұғаттауға міндетті. Мұраға құқық расталғаннан кейін мұрагерлерге немесе олардың заңды өкілдеріне электронды ақшаның бар-жоғы, олардың мөлшері, сондай-ақ, электрондық әмиянның немесе басқа электронды құралдың деректемелері туралы ақпарат беріледі. Мұраны ресiмдеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн эмитент не мұрагерлерге ақша қаражатын төлеуге, не оларды көрсетiлген шоттарға аударуға тиiс. Бұдан басқа, заң банктердің нотариустар мен мұрагерлерге бере алатын мәліметтер тізбесін кеңейтеді. Бұл арада банк салымдары туралы ғана емес, сондай-ақ, электрондық ақша, сейф ұяшықтары, металл шоттар және қайтыс болған адамның басқа да мүліктік құқықтары туралы сөз болып отыр. Электрондық ақша цифрлы түрде - мысалы, электронды әмиянда немесе алдын ала төленген картада сақталатын ақша құнын білдіреді және тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланылады. Бұл ретте олар банк шотындағы қаражаттан да, цифрлық ұлттық валютадан да ерекшеленеді.

2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қырғызстанда 6,6 млн астам электрондық әмиян тіркелген. 

0 пікір
Мұрағат