Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді
34 минут бұрын 20 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабия билігі бизнестің жұмыс істейтін мерзіміне қарай тікелей алатын рұқсаттар санына қатысты жаңа шектеулерді енгізе отырып, өзінің жұмыс визалары жүйесін қайта қарады. Бұл жайында islam.kz порталы The Economic Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қайта қаралған ереже талаптарына сәйкес ел аумағында екі жылдан кем жұмыс істейтін компаниялар ең көп дегенде бес шетелдік жұмысшыға демеушілік жасай алады. Ал екi жылдық мерзімнен де көп жұмыс істеген кәсiпорындарға бiр апта iшiнде бiр ұсыныс арқылы  бiрнеше өтiнiш бойынша 50 жұмыс визасына қол жеткiзу мүмкiндiгi беріледі. Мұндай өзгерістердан операциялық тарихына қарамастан барлық жұмыс берушілерге бірдей ереже талаптары қолданылған алдыңғы жүйеден айрықшаланады.

Бағдарламаға қатысушыларды анықтаудың жекелеген ереже талаптары

Сауд Арабиясын жаңғырту бағдарламасына қатысушы кәсiпорындар белгiлi бiр талаптарға бағынады. Елдегі компаниялар квота бойынша тек екі жұмыс визасын пайдаланып келген еді, алайда, визаны көбірек аштыру талабына сай аталған бағдарлама бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізгенде, Nitagat санатын жақсартқанда шетелден жұмысшы күшін молынан тарта алады. Nitagat - Сауд Арабиясы үкіметінің жұмыс берушілерді саралайтын жүйе: компанияда жұмыс істейтін сауд азаматтарының үлесі негізінде бағалауға құрылған жүйе. Десе де ең үздік көрсеткішке қол жеткізген компанияның өзі шетелден тартатын жұмысшы күшін елуден асыра алмайды. Бұл – шегі. Сауд Арабиясында жұмыс істеу туралы ұсынысты қарастыратындарға енді жалақы мен лауазымды қызметке тағайындау талаптары да қатаңдатылады. Шетелдік жұмысшы күшінің жасы, Nitaqat санаты және виза квотасы тексеріледі, әсіресе, шетелдікті жалдамас бұрын немесе қабылдамас бұрын мемлекет белгілеген міндетті алымдардың төленгені немесе төленбегені, еңбек келісім-шартына отырғаны, қысқасы, барлығы шешуші мәнге ие болуы мүмкін. Саудия билігінің бұл қадамы ел тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, саудияландыру саясатын күшейту науқанына бағытталған.

0 пікір
Мұрағат