Ислам тарихының цифрлы атласы жасалды
Ислам тарихының цифрлы атласы жасалды
32 минут бұрын 20 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: pinterest.com

Түркияда ислам тарихының цифрлық атласы әзірленді. Онда ислам әлемінің өзгеріп отыратын географиясын, билеуші әулеттер, ғалымдар, қалалар мен тарихи оқиғалар туралы құнды мәліметтер енгізілген карталар 1300 жылдық уақыт бөлігін қамтиды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sabah ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атлас 632 жылдан 1924 жылға дейінгі оқиғалар туралы баяндайды, ал ондағы  деректер түрлі тарихи көздерден алынған. Соңғы нұсқа 186 ислам әулеті мен 830 билеушілер туралы ақпаратты қамтиды, Зириклидің өмірбаяндық сөздігінен алынған 13 940 тарихи тұлғаның өмірбаянын, Түрік мемлекеттік қорының энциклопедиясынан 8 528 ғалымның өмірбаянын және Жақұт әл-Хамауи сөздігінен 12 954 географиялық жазбаны қамтиды. Бұдан бөлек, цифрлы жоба 10 ғасырдың географы әл-Мукаддаси құжаттаған 2 049 қоныс, Ибн Батуттаның 317 саяхат аялдамасының және османлы саяхатшысы Еблей Шелебидің 5 444 аялдамасының сипаттамасы туралы ақпаратты қамтиды. Селжук университетіндегі теология факултетінің ислам тарихы кафедрасының ғылыми қызметкері хабарлағандай, бірегей жобаның бастапқы мақсаты ислам билеуші әулеттері туралы мәліметтерді бір жерге жинауды көздеді. Ол үшін материалдың бастапқы көзі - Клифорд Едмунд Босборт есімді британдық тарихшының «Жаңа ислам әулеттері» кітабы болды, онда ислам әлемінің 186 әулеті сипатталған. Алайда, кейіннен жобаны кеңейтуге шешім қабылданды, себебі, авторлар зерттеу барысында билеушілердің ғалымдармен, отбасы мүшелерімен және басқа да қайраткерлермен байланысының маңыздылығынан аттап кете алмады.  Билеушілердің өзге тұлғалармен байланысы тарихи тұлғалардың объективті бейнесін беру үшін қажет болды. Жоба бойынша Түркия, Германия, Құрама штаттар мен Ұлыбританияның ғалымдары бірігіп жұмыс істеуде. Атлас түрік, араб және ағылшын тілдерінде жарық көрген. Қазіргі уақытта жобағаа қатысты мобильді бағдарлама әзірленуде.

0 пікір
Мұрағат