Ресейліктер әрі арзан, әрі зиянсыз табытпен жерлеуді үрдіске айналдырып келеді
|

Ресей Федерациясы аумағында, дәлірегі, православ сеніміндегі адам дүниеден қайтқаннан кейін табытқа салып жерлеу салты бұдан былай экологиялық және экономикалық жағынан тиімді әдіске көшеді. Бұл жайында islam.kz порталы EcoPravda.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай оң үрдіске саналы түрде емес, жерлеу қызметінің тым қымбаттығы себеп болған екен. Дәлірегі, қайтқан адамды ақтық сапарға шығарып салу үшін әдеттегі ағаш табытты картоннан (қатты қағаз) жасалған табыт алмастырып жатыр. Біріншіден, мұндай табыт ағаш табытқа қарағанда көп арзан. Салыстыру үшін алсақ, ағаш табыттың құны бүгінде 200 мың рублге дейін шарықтап кеткен, ал қағаз табыттың құны 1,5 мың рублден аспайды. Екіншіден, қағаз табыт экологиялық жаағынан да, экономикалық жағынан да тиімді: ағаш табыт қоршаған ортада ыдырауы үшін ондаған жыл кетсе, қағаз табыт ары кеткенде жарты жылда ыдырап топыраққа айналады. Бұдан бөлек, ағаш көп үнемделеді. Бұл жаһандық жылыну мен климат дағдарысында ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің сөзіне қарағанда, ағаш табыт 150 келіге дейінгі салмаққа төтеп бере алады. Ал қайтқан кісінің мәйітін өртеу керек болса (кремация) қағаз табыт тез жанатындықтан бар-жоғы 15 минут уақыт кетеді. Бұған қоса, қосамшы артықшылығы – қағаз табытқа кез келген дизайнды (безендіру) қолдануға болады.




