Рамазанда мешітте видеоға түсіруге немесе трансланциялауға тыйым салынады
Рамазанда мешітте видеоға түсіруге немесе трансланциялауға тыйым салынады
3 жыл бұрын 2230 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі қасиетті Рамазан айында киелі мешіттерге қатысты норманы жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы GulfNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған араб елінің ислам істері жөніндегі министрлігі Рамазанда ғибадат ғимараттарында видеокамераны имамдарды және жамағатты түсіру үшін пайдалануға, сондай-ақ, құлшылық үйлеріндегі көріністерді масс-медиа арқылы транслациялауға немесе әлеуметтік желіге жүктеуге тыйым салады. Мұндай әрекеттер мешіт әдебіне қайшы келеді. Пандемияға байланысты екі жылғы үзілістен соң алғаш рет қасиетті Мекке ме Мәдинадағы киелі мешіттерде ауызашар берілді. Бұдан бөлек, Мекке мен Мәдинадағы Харам мешіті мен Пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) итикафқа рұқсат етіледі. 

0 пікір
Мұрағат