Африкада су тапшылығы болмайды
Африкада су тапшылығы болмайды
2 жыл бұрын 4249 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Li Yan / Globallookpress.com

Африка құрлығы эквадорлық белдеуде орналасқандықтан жаһандық жылыну салдарынан алдымен зардап шегетін аймақ ретінде аталады. Бұл түбірімен қате пікір. Әлемдегі ең алып шөл Антарктиканы есептемегенде екінші ауқымдылығы жағынан полярлы аймақтағы шөлден кейінгі орында тұрған Сахара тропикалық шөлі (9 100 000 шаршы шақырым) осы құрлықтан табылады. Десе де жерасты су қорының молдығы бойынша Африка құрлығыны өзге аймақтарға қарағанда көшілгері. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құрлықтағы ауызсу тапшылығын жерасты тұшшы су ресурсымен жоюға болады. WaterAid деп аталатын, сумен қамтамасыз етумен айналысатын қайырымдылық ұйымының, сондай-ақ, британиялық геология қызметінің бұл тарапта жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жер асты сулары жер қыртысының жоғарғы бөлігінің тау жыныстарында орналасқан және сұйық күйдегі барлық тұшшы судың шамамен 99 пайызын құрайды. Сахара шөлінің  оңтүстігін ала жайлаған елдердегі жерасты суының қоры ауыл шаруашылығын өркендетуге де, тазалық талаптарын толық сақтауға да молынан жетеді. Осы зерттеу деректеріне сәйкес көптеген африкалық елдер кем дегенде бес жыл құрғақшылықтан аман өткен, ал кейбір елдер жерасты суының көмегімен жарты ғасырға созылған құрғақшылықты еңсере алған. Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдерде жан басына шаққанда күніне жерасты суынан 130 литр суды еркін пайдалануына болады, алайда, африкалық тұрғындардың дені жерасты суының ары кетсе он пайызын ғана пайдаланып жүр. Гидроинфрақұрылымның жоқтығынан. Яғни, бейнелеп айтқанда, аяқ астында жатқан байлыққа қол жеткізе алмай отыр. Сарапшылар су ресурсын тиімсіз басқарудың себебіне қажетті құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігін, инфрақұрылымға инвестицияның тартылмауын, білікті мамандардың жетіспеушілігін, сондай-ақ, жер асты сулары туралы ақпараттан толыққанды хабардар болмауы жатқызып жүр. Бұдан бөлек, жерасты су ресурсын тиімсіз жолмен басқарса, ысырап болуы мүмкін екенн ескертеді, дәлірегі, жерасты суы түрлі заттармен, тыңайтқыштармен, улы қоспалармен, зиянды қалдықтармен, т.б. ластанып, тез таусылуы мүмкін немесе ішуге, пайдалануға жарамсыз күйге түсуі мүмкін. Олардың орнын барлығын жауын-шашын есебінен толтыра алмайсыз. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: әлемде 2,2 млрд адам қазіргі уақытта таза ауызсуға зар болып отыр, шамамен 4 млрд адам ауызсу тапшылығы орын алған аймақтарды өмір сүріп жатыр. Ал сарапшылардың есебінше, алдағы 30 жыл бойы суды тұтыну мөлшері жыл сайын бір пайызға артып отырады. Осыған байланысты адамзаттың жерасты суына деген қажеттілігі мен кіріптарлығы артады. Ал жер бетіндегі тұшшы су қоры жаһандық жылыну мен тұтыну деңгейінің көтерілуіне байланысты таусылуға жақын.

0 пікір
Мұрағат