|
Рамазанда 800-ден аса тауар түрінің бағасы түседі
|
Катардың сауда және өнеркәсіп министрлігі (MoCI) ел аумағындағы азық-түлік және тұрмыстық заттар мен бұйымдар сауда желілерінде бірнеше жүздеген тауар түрлерінің бағасын наурыздың 23-нен бастап қасиетті Рамазан айы аяқталғанша түсіретінін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған араб елінде адамға ең қажетті деген тауарлардың 800-ден астам түрінің бағасын түсіру арқылы ораза ұстағандарға жағдай жасайды. Соның ішінде, бал, ұн, ұн өнімдері, жүгері, күріш, сүт өнімдері, қант, тұз, кофе, минералды сусындар, май, шай, құс еті, т.б. азық-түлік пен тағам өнімдерінен бастап, кір жуатын ұнтақ, жеке бас тазалығына арналған бұйымдарға дейін уақытша арзандайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді