Қытайдың бір ғана корпорациясының зияны күллі Пәкістанның зиянынан асып түседі
Қытайдың бір ғана корпорациясының зияны күллі Пәкістанның зиянынан асып түседі
3 жыл бұрын 1779 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Li Xin / Globallookpress.com

Әлемді ластаушы негізгі бес елдің (Қытай, АҚШ, Үндістан, Ресей және Жапония) басында тұрған Қытай палентаға ең қауіпті ел атанып отыр. Аталған елдегі қоршаған ортаны ластау деңгейі жылдан жылға тартып барады, ол ол ма, ластау деңгейі осы рейтингтің бас жағында тұрған АҚШ, Үндістан, Ресей және Жапонияны қоса алғанда, аталған төрт мемлекеттің барлық зиянды қалдықтарынан асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аса ірі Қытай компанияларының атмосфераны көмірқышқыл газымен ластау мөлшері ұзақ уақыт бойы беймәлім болып келген еді. Қытай кәсіпорындарының дені бұл тараптағы мәліметтерді жасырумен келген болатын. Мәселен, бір ғана China Baowu қытайдың мемлекеттік болат құю корпорациясының өткен жылғы ауаны ластау деңгейі 2020 жылы күллі Пәкістанның ауаны ластау деңгейінен асып түскен, ал China Petroleum & Chemical мұнай кәсіпорнының атмосфераға бөлген парникті газы әлем бойынша зиянды қалдықтарды бөлу рейтингісінде 11-ші орында тұрған Канаданың бүкіл кәсіпорындарының ауаны ластау деңгейінен асып кеткен. Қытайдағы атмосфераға бөлінетін ластаушы заттардың 33 пайызы энергиямен қамтамасыз ету саласына тиесілі екен. Бұл бағытта Қытай билігінің тындырып жатқаны шамалы, шындап келгенде, жаһандық жылынуға себеп болып отырған көміртектен ада мемлекетке айналу үшін мыңдаған көмір электр стансасын жауып, жаңығртпалы энергия көздеріне жаппай көшіру керек. Қытайдың энергиямен қамтамасыз ететін алдыңғы бес компаниясы, атап айтқанда, Huaneng Group, Huadian, China Energy Investment, State Power Investment және Datang 2020 жылы атмосфераға 960 млн тонна СO2 бөлген. Бұл Ресейдің осы саладағы күллі көмір өнеркәсібінің атсросфераны ластау деңгейінен екі есе көп. Қытайдың планетаны ластаушы өзге салаларына құрылыс пен болат өндірісі жатады: құрылыс – 30 пайыз, ал болат құю өндірісі – 21 пайыз.

Қарай отырыңыз:

«Қытай әлемге қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-alemge-qauip-tondirip-tur-15600/#gsc.tab=0);

"Қытай барлық дамыған елдерді қоса алғандағы мөлшерден артық атмосфераны ластап отыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-barlyq-damygan-elderdi-qosa-algandagy-molsherden-artyq-atmosferany-lastap-otyr-15193/#gsc.tab=0);

"Қытай жобасы Африканың түбіне жетуі мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jobasy-afrikanyn-tubine-jetui-mumkin-15238/#gsc.tab=0);

"Қызыл кітапқа енген Қызыл ағаш Қытай асып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/qyzyl-kitapqa-engen-qyzyl-agash-qytai-asyp-jatyr-12218/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат