24.kz дерек көзінен
24.kz дерек көзінен
3 жыл бұрын 934
2050 жылы «климаттық мигранттар» саны 216 миллионға жетеді

Кейінгі уақытта жаһандық жылынуға байланысты «климаттық мигранттар» сөз тіркесі жиі қолданылатын болды. Бұл климаттың өзгеруі салдарынан үй-жайын тастап, басы ауған жаққа бас сауғалаған адамдар. Дүниежүзілік банк болжамынша, 2050 жылы ондай мигранттардың саны 216 миллионға дейін жетеді. Көбі – Африка мен Азия елдерінің азаматтары. Осылайша сарапшылар болашақта экологиялық проблема экономикалық мәселеге айналып шыға келетінін айтып дабыл қағып отыр.  

2020 жылы парник газдардың шоғырлануы жаңа көрсеткішке жетті

Атмосферадағы парник газдардың шоғырлануы рекордтық көрсеткішке жетті. Бірікке Ұлттар Ұйымының мамандары осылай деп дабыл қағуда. Яғни коронавирус індетінен келген экономикалық құлдырау мен ауаға кеткен лас заттардың уақытша азаюы парник газдардың шоғырлануына айтарлықтай әсер ете қоймаған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай ауа температурасының өзгеруіне ғана емес, теңіз деңгейінің көтерілуіне және табиғи апаттардың жиілеуіне әкеледі.

Франция экономикасын көміртекті бейтараптыққа көшіру құны 70 млрд еуроны құрады

Францияда 2050 жылға дейін ел экономикасын көміртекті бейтараптыққа көшіру құны есептелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін Ұлттық компания екі жыл бойы зерттеу жүргізіп, «жасыл» экономикаға көшудің 6 бағытын жасап шыққан. Оның ішінде атом энергетикасынан толығымен бас тарту сценарийі де бар. Реформалардың орташа бағасы – жылына 70 миллиард еуроны құрайды. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, Франция энергетика кәсіпорындарын толығымен жаңартуы керек. Яғни, жел мен күн станцияларының құрылысымен бірге біртіндеп ескірген реакторлар тоқтатылып, жаңа атом электр станциялары салынбақ.

Барбара Помпили, Францияның экологиялық түрлену министрі: – Бізде 2050 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа көшіп, мұнай, газ секілді қазба отындарынан бас тартуға мүмкіндік беретін бірнеше сценарий бар. Энергия көздерін импорттау бізді өзге елдерге тәуелді қылады. Ал сарапшылар ұсынған даму жолдары халықтың тұтынушылық қабілетіне айтарлықтай әсер етпеуге мүмкіндік береді. Яғни, энергиялық тиімділік пен тұтынуды қысқартудың арқасында тариф шамамен бұрынғы қалпында қалады.

0 пікір
Мұрағат