Еврейлер әрбір тау мен тасының қанша пайда әкелетінін шотқа салып, есептеп қойған...
Еврейлер әрбір тау мен тасының қанша пайда әкелетінін шотқа салып, есептеп қойған...
2 жыл бұрын 1853 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Изарилдің табиғи ресурсы мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің шамамен сегіз пайызын қамтиды. Израил табиғаты мен оның қоғамға тигізер пайдасы және артықшылықтары ел экономикасына жыл сайын ондаған млрд шекел (Шекел – Израилдің төл ұлттық валютасы – ред.) табыс түсіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дерек аталған елдің қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Израилдің экологиялық жүйесін әрі әр израилдіктің әл-ауқатына түрлі экологиялық жүйенің қосар үлесін бағалаумен айналысатын HaMaarag ұлттық бағдарламасының бастамасы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінен алынып отыр. Бұл тараптағы зерттеуге 200 адам тартылған. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар елдегі алты экологиялық жүйені әрі осы экожүйелерге байланысты қызмет көрсететін ұйымдарды зерттеген екен. Мұндай ұйымдардың қарасы – 20, оның алтауы тағам, бал, ағаш, мал жайылымы үшін ауызсу, сондай-ақ, желінетін әрі дәрілік өсімдік түрлерін ұсынады. Жиырма қызметтің оны климаттың ауа температурасын, судың және ауаның сапасын, т.б. бағалайды. Бұдан бөлек, аталған жиырмалықтың ішінде туризм, демалыс, спорт, т.б. қамтылған. Израилдің құрлықтағы шекарасы аумағындағы бұлақтар мен Галилей теңізінің суының жыл сайынғы табысы 663 млн шекелге (206,7 миллион доллар) бағаланып отыр. Ал ауыл шаруашылық өсімдіктерінен жылына түсетін табыс - шамамен 3,3 млрд шекел (1 млрд доллар). Бұған қоса, Израилдің теңіз суы жылына 90 млн шекел (28 млн доллар) сомасына көміртек газын сіңіреді.  

Есекерту: Израил бұл бағалау жүйесіне қатысты мәліметтерде заңсыз иеленіп отырған палестиналықтардың аумағын қамтығаны турасында дерек жоқ.

0 пікір
Мұрағат